САНЖАР ӘДІЛОВ ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

IMG_8779.jpeg

 Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Хабарландыру!
  • Обьявление!
  • Хабарландыру!
  • Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің 36%-ын қамтиды
  • Реализация Послания Президента: водосберегающие технологии охватывают 36% орошаемых земель