Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

2.JPG

«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуға тиіс. Еліміздің әр өңірінде көрікті жерлер бар. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет».

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының Президенті

Елдегі туризм саласында іске асырылып жатқан жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанға келетін туристер саны да, әлемдік рейтингтегі орнымыз да айтарлықтай жақсарып келеді. Мәселен, Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел ішінде 52-орынды иеленді. Бұған дейінгі индексте Қазақстан 66-орынға орналасқан еді.

Ал былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді. Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн.

Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден келген туристер Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсайды. 2024 жылы шетелдік туристер еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
  • ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі
  • Добровольцы и волонтёры в системе МЧС
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ АМАЛДАРЫ
  • КАК АНТИМОНОПОЛЬНЫЙ ОРГАН АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕДОТВРАЩАЕТ ЗЛОУПОТРЕБЛЕНИЕ РЫНОЧНОЙ ВЛАСТЬЮ