«Таза Қазақстан»: Алматы облысында Қапшағай жағажайын тазарту бойынша

«Таза жағажай» атты тазалық акциясы өтті


1.JPG

Алматы облысының орталығы - Қонаев қаласының жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Таза жағажай» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

Шаһар ардагерлері ұйымының төрағасы Базарбай Оралбаев «Біздің мақсатымыз - табиғатты таза ұстау және болашақ ұрпаққа мұра ету. Экологияның тазалығы мен қоршаған ортаны күтіп ұстау – әрбір азаматтың негізгі борышына айналуы тиіс. Осы орайда, барша тұрғындар бірлесіп, осындай шараларға белсенді ат салысу қажеттілігін айтып өткен жөн» - деп мәлімдеді.

2.JPG

Акция барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, экологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, аталмыш шараға 200-ден астам адам ат салысып, жағажайды тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды
  • «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»
  • Әділетті ортаның қалыптасуына әсер етеді
  • ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
  • «Таза Қазақстан: Қалдық заттарға екінші өмір сыйла!»