«Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады

    2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындық жүріп жатыр. 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15 жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар келеді. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

ceb9b20e-4ad9-44a0-96b3-bcd1dd53714c.jpg

    «Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы – бес күн, ал жалпы қашықтық 500 км қамтиды. Жарыс Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында аяқталады. 

    Марафон аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар көрмесі. Бұл көрмеде ұлттық жылқы тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен тарихы таныстырылады. Ұлттық қолөнер көрмесі де марафонның ажырамас бөлігіне айналады. Қазақ халқының бай қолөнер мұраларын көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрмеде шеберлер өз жұмыстарын ұсынып, келушілерге ұлттық өнерді таныстырады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
  • Алматинская область наращивает темпы аграрного роста благодаря господдержке
  • «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».