Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары

balqash 2025-05-05

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

a00d6dac8ddc7bbef9a165da6573416a_1280x720.jpg

    Экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын Қытайдың JD.com платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда ұлттық павильонда азық-түлік, косметика, бал және басқа да сұранысқа ие тауар санаттарын қоса алғанда, 15 қазақстандық тауар өндірушінің 44 өнім түрі ұсынылған.

Павильон іске қосылған сәттен бастап сатылған өнімнің жалпы көлемі 2,4 млн юаньды құрады, оның 1,18 млн юаньнан астамы — 2024 жылға тиесілі.

Қазақстандық өнімдер онлайн сату алаңынан бөлек, Қытайдағы офлайн-көрмелерде және B2B-презентацияларда тұрақты түрде ұсынылады. Бұл сауда байланыстарын нығайтуға, брендтердің танымалдылығын арттыруға және экспорттық географияны кеңейтуге ықпал етеді.
Негізгі бағыттардың бірі - ҚХР нарығында тез танымал болып келе жатқан электрондық сауданың жаңа форматы — стриминг-сатуды дамыту.

Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі (CIIE 2024) аясында, Jiangsu Soho Holding Group Co Ltd,серіктестерінің қолдауымен Douyin (TikTok аналогы) платформасы арқылы стриминг жүргізілді. Онда Қазақстанның ұлттық стриминг-павильонының ресми ашылуы өтті.

Тікелей эфирде қытайлық тұтынушылар өнімдермен нақты уақыт режимінде танысуға, сұрақтар қоюға және сатып алуды дереу рәсімдеуге мүмкіндік алды. Трансляция қорытындысы бойынша сату көлемі 450 мың юаньды құрады, бұл осы ілгерілету арнасының жоғары тиімділігін және тұтынушылардың Қазақстаннан келетін тауарларға деген қызығушылығын растады.

"Біздің міндетіміз — қазақстандық өнімнің жетекші цифрлық сауда алаңдарында жүйелі түрде болуын қамтамасыз ету. Біз экспортты JD.com, Alibaba.com, Europages, Noon және TikTok дүкені платформалары арқылы белсенді түрде дамытамыз. Бұл отандық компанияларға жаңа нарықтарға шығуға, экспорттық кірісті ұлғайтуға және жаһандық сауда тізбектеріне кірігуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті QazTrade АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

QazTrade аналитикалық деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлемде онлайн-сатып алушылар саны 2,71 млрд адамға жетті, ал электрондық сауда нарығының жаһандық көлемі 6,3 трлн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,76% - ға артық.

Қазақстан Республикасында өткен жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бұл бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 14,5% - на тең.

2029 жылға дейінгі болжамдар жаһандық онлайн-нарықтың одан әрі өсуін көрсетеді: пайдаланушылар саны 3,6 млрд адамға жетеді деп күтілуде, бұл ретте Қытай e-commerce әлемдік нарығындағы жетекші үлесті сақтайды. Бұл дәл Қытай бағытында қазақстандық қатысуды одан әрі нығайтудың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.


Жарнама орны (6)
<< 1 мамырдан бастап жедел медициналық көмекті көрсету ережелерінің жаңа нұсқасы күшіне енді
5 МАЯ — ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ АКУШЕРКИ >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті
  • Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» облыстық байқауы өтті
  • Алматинская область и Пекин усиливают сотрудничество: Марат Султангазиев провёл важную встречу в сто
  • Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңыз
  • Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 23-05-25/15:15 Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті
    • 23-05-25/15:12 Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» облыстық байқауы өтті
    • 22-05-25/15:47 Алматинская область и Пекин усиливают сотрудничество: Марат Султангазиев провёл важную встречу в сто
    • 22-05-25/15:00 Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңыз
    • 22-05-25/14:50 Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
    • 22-05-25/14:47 В Пекине отметили 100-летие Нургисы Тлендиева
    • 22-05-25/14:45 Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті
    • 22-05-25/13:18 18 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді
    • 21-05-25/20:04 3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
    • 21-05-25/20:01 Более трех тысяч педагогов прошли курсы повышения квалификации
    • 21-05-25/19:44 Ерте кәсіби бағдар беру – жобада басты басымдық
    • 21-05-25/19:35 Приоритетом проекта является ранняя профориентация
    • 21-05-25/19:30 «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады
    • 21-05-25/18:51 «Келешек мектептері»
    • 21-05-25/15:23 ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
    • 21-05-25/15:10 Стратегия развития казахстанской энергетики и привлечение инвестиций – ключевые темы
    • 21-05-25/13:24 Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі:
    • 20-05-25/19:15 Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады
    • 20-05-25/12:43 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
    • 20-05-25/12:35 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс