«Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты

1.JPG2.JPG

                    «Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы

«Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты

     Экологтар күніне орай, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойын тазарту мақсатында «Таза жағажай – таза өзен» экоакциясы өтті. Шараға 100-ден астам адам, олардың қатарында жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері ат салысты.

Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

Жергілікті аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова ««Таза Қазақстан» - еліміз, болашағымыз, қоршаған ортамыз үшін үлкен септігі бар экологиялық бағдарлама. Сондықтан, осындай игі шаралар жастарымыздың, жалпы барша жерлестеріміздің ортасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, айланамызды таза ұстауға ынталандырады.» - деп атап өтті.

Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандық бітімгерлер өздерінің әскери және азаматтық борышын абыроймен атқарды
  • Казахстанские миротворцы с честью выполняют свой воинский и гражданский долг
  • Поздравление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Днем Независимости
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді