Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Балалардың жазғы демалысы

balqash 2025-06-09

27e82e3c-e088-4802-8d17-c0c61f69afbc.jpg

    2025 жылдың жазғы маусымында Алматы облысында балалардың демалысы мен сауықтырылуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Ізбасар Айжан мен Алматы облысы білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы басқарманың бас маманы Шарапов Мадияр мәлімдеді.

    Биылғы жазда өңірде барлығы 30 балалар лагері жұмысын бастайды. Оның ішінде 1 мемлекеттік, 1 республикалық және 28 жекеменшік лагерь бар. Жалпы алғанда бұл демалыс орындары 6 мыңнан астам баланы қабылдауға дайын. 

    Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының бұйрығымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижесінде, биыл облыстағы 335 мыңнан астам оқушының 92% жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады деп жоспарлануда.

    Айжан Ізбасардың айтуынша, мемлекет пен демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, жетім балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнайы жолдамалар бөлініп, олардың толыққанды демалысы қамтамасыз етіледі және «Қазақстан халқына» қорының есебінен мыңнан астам балаға лагерлерге жолдама беріледі.

    Сонымен қатар, биыл өңірде «Ұлылар еліне саяхат» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыру. Аталған жоба аясында әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін дарынды оқушылар еліміздің ұлы тұлғаларына арналған музейлер мен мемориалдық кешендерге саяхаттайды. Сапар барысында  тарихи тұлғаларға арналған экспозициялармен танысып, танымдық экскурсияларға қатысады, – деді Шарапов Мадияр.

    Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Барлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптар және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары қатаң бақылауға алынған. Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деп қорытындылады спикерлер.


Жарнама орны (6)
<< Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
"Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру
  • О приглашении присоединиться к Конвенции Совета Европы о взаимной правовой помощи по уголовным
  • Алматы облысында Дала күні өтті
  • В Алматинской области прошёл День поля: обсудили развитие карбонового и органического земледелия
  • Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 23-06-25/20:27 Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру
    • 23-06-25/20:21 О приглашении присоединиться к Конвенции Совета Европы о взаимной правовой помощи по уголовным
    • 23-06-25/18:11 Алматы облысында Дала күні өтті
    • 23-06-25/13:27 В Алматинской области прошёл День поля: обсудили развитие карбонового и органического земледелия
    • 23-06-25/13:24 Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде
    • 19-06-25/12:33 У нас союзнические отношения с Казахстаном в самом прямом смысле этого слова
    • 19-06-25/12:29 «Я не вижу никаких осложняющих моментов в развитии наших отношений» — Владимир Путин
    • 19-06-25/12:14 Логика реформ-3: Новое качество нации в XXI веке
    • 18-06-25/20:08 Аттестат алу – әр оқушының өміріндегі ерекше әрі жауапты кезең
    • 18-06-25/19:54 «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы Қонаев қаласында өтті
    • 18-06-25/13:47 В Конаеве прошла республиканская мобильная общественная приёмная партии «AMANAT»
    • 18-06-25/13:44 Қоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген
    • 17-06-25/20:08 Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлік саласында
    • 17-06-25/19:55 Антикоррупционная служба по Алматинской области усилила работу по обеспечению закона
    • 17-06-25/14:19 Глава государства назвал Китай добрым соседом и проверенным временем надежным стратегическим партнер
    • 17-06-25/14:15 Алматы облысында қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеуі тіркелді
    • 17-06-25/14:12 В Алматинской области зафиксировано устойчивое снижение преступности
    • 16-06-25/17:47 жергілікті бюджет пен мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит
    • 16-06-25/17:35 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер органдары жүйесінде алдын алу шараларын күшейтуде
    • 16-06-25/17:18 усиливает превентивные меры в системе органов внутре

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс