Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер органдары жүйесінде алдын алу шараларын күшейтуде

4dcf2024-1c6a-4bef-a6e4-d9ee73e8ec9f.jpg

    4dcf2024-1c6a-4bef-a6e4-d9ee73e8ec9f.jpg

    Алматы облысы бойынша Сыбай    лас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер органдары жүйесінде алдын алу шараларын күшейтуде

7ce7ac5b-5c70-4e31-ace7-58d01ac3284c.jpg

    Ағымдағы жылдың 12 маусымында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі шараларды іске асыру аясында Алматы облысының Полиция департаменті және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

48d71638-f850-4349-bf3f-44e82870ba6d.jpg

    Іс-шараның мақсаты - ішкі істер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты арттыру, қызметкерлердің құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен заңдылықтың институционалдық негіздерін нығайту.

     Кездесу барысында жемқорлықтың алдын алу бағытындағы негізгі векторлар белгіленді. Атап айтқанда, қызметтік тәртіп қағидаларын сақтау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу және ішкі бақылау тетіктерін күшейту қажеттілігі ерекше атап өтілді.

     Заң бұзушылықтың кез-келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастырудың маңыздылығына да ерекше назар аударылды.

     Сонымен қатар, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Полиция департаментіне ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде заңдылық пен қоғамдық тәртіптің негіздеріне нұқсан келтіретін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі кешенді шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.

 

Заң үстемдігін қамтамасыз етудегі қағидаттылық, ашықтық және жүйелілік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіндегі сөзсіз басымдықтар болып қала береді. Департамент жемқорлыққа қарсы тұрақты ортаны қалыптастыруға бағытталған превентивті және процессуалдық тетіктерін іске асыруды жалғастырады.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#ҚұқықтықМәдениет

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
  • Алматинская область наращивает темпы аграрного роста благодаря господдержке
  • «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».