Кәсіпкерлік ортада заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік органдардың бизнес субъектілерімен өзара іс-қимылындағы құқық қолдану тәжірибесіне қатысты мәселелер жан-жақты қаралып, бизнес өкілдерінің заңды құқықтарының ықтимал бұзылуы туралы мәліметтерді қамтитын өтініштері тыңдалды.
Әрбір өтініш бойынша өз құзыреті шегінде тиісті түсініктемелер беріліп, уәкілетті органдармен көрсетілген фактілерге қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, объективті қарауды қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын қайталап бұзуға жол бермеу мақсатында жеке мәселелер Департамент бақылауына алынды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қолайлы және қауіпсіз іскерлік ахуалды қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларын орындау аясында кәсіпкерлік ортадағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Агенттіктің ерекше бақылауында екендігі атап өтілді. Бұл ретте, Департаментпен бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілеріне тұрақты мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша жеткілікті негіздер болған жағдайда заңда көзделген ден қою шаралары қабылданады.
Отырыс қорытындысы бойынша бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, жемқорлыққа қарсы профилактиканы күшейтуге, әкімшілік кедергілерді барынша азайтуға, бизнес субъектілерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар кешені әзірленді.