«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі»

2.JPG

    Ағымдағы жылдың 15 шілде күні Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамы Алматы облысы Азаматтық Альянсымен бірлесіп «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі» тақырыбында жиын өткізді.

1.JPG

Жиын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өткізетін облыстық Ішкі саясат, Дін істері, Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар және 9 аудандық 2 қалалық ішкі саясат бөлімдері мен облыстағы белсенді үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Кеңес барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылып жатқан шаралардың өткізілуі мен келесі жылға қоғамға маңызды тақырыптардың таңдалуы талқыланып мемлекеттік органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа мониторингті күйшейту тапсырылды.

Сондай-ақ Қоғам қайраткері, халықаралық қатынастар саласы бойынша PhD дәрежесіне ие доктор, профессор Абдихалыков Қайыржан Саясатұлымен мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне «Әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу әдістері» және «Әлеуметтік лидерлік», «Эмоциялық интеллект және soft skills дамыту» тақырыптарында тренинг өткізіліп, тыңдаушыларға сертифакт табысталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі»
  • Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400 ден астам нысан салынуда
  • Олжас Бектенов об удвоении ВВП: Задача амбициозная, но достижимая
  • Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті
  • 2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті