НҰРӘЛИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 0f4cc734-9893-4cd3-9bef-d99b5d7790b4.jpg

28-29 шілде күндері аралығында Грекия астанасы Афина қаласында Грек – рим күресінен U17 әлем чемпионаты болып өтті.

Байрақты бәсекеде бақ сынаған жерлесіміз Нұрәли Асқар 55 келі салмақ дәрежесі бойынша ақтық сайыста өнер көрсетіп, күміс жүлдені еншіледі.

   Әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанжығасына байлаған  Нұрәли Бақанас ауылының тумасы. Ол алғашқы спорт жолын аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастаған. Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимна-зиясының оқушысы болған.

    Бала күнінен спортшы болуды армандаған жас балуан қазіргі таңда Алматы қаласына қарасты Шаңырақ - 1 шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжінде оқып жүр. 

    Нұрәлидің  осындай жетістіке жетуіне сүбелі үлес қосқан аталмыш білім шаңырағының  жаттықтырушысы, Грек – рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері жерлесіміз Саламат Серікұлының еңбегінің орасан екенін айтпасақ болмайды. Өйткені ол жас балуанның әлем чемпионатында ел намысын қорғау үшін тас – түйін дайындап еселі еңбек етті.

    Грекия төрінде ел мерейін асырып, әлем чемпионатында топ жарған жас балуанның бұл жеңісі тек аудан абыройы емес, күллі қазақ елінің мақтанышына айналды.

    Спортшылардың  әрбір жеткен жетістіктері елдің мерейін асырады. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты шұғылданып жүрген жандарға көпшілік зор сенім артады. Сол сенім үдесінен шыққан спортшыға көрсетілетін құрмет ерекше болуы қажет.

       Арманы асқақ, мақсаты айқын жерлесіміздің жеңісіне ортақтасып, бұданда биік белестерді бағындыра беруіне тілектес болайық!

                               Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ана сүтінде 400 пайдалы қоректік зат бар
  • Өңір агросекторы қарқынды дамуда
  • Алматы облысында 31 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері Ұлттық санақтан өтеді
  • НҰРӘЛИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • КОНСТИТУЦИЯ-БІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ