Алматы облысының әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

ac4b9183-7242-4533-8b50-81d87e08e56b.jpg

  ac4b9183-7242-4533-8b50-81d87e08e56b.jpgac4b9183-7242-4533-8b50-81d87e08e56b.jpg 

     Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты.

fb535ba9-2fa3-47f6-80d8-cb0084a5a5e5.jpg

     Жоба аясында ұзындығы 74 шақырым болатын «Кеген–Нарынқол» жолының 0–37 және 37–74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме — «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны — 8,002 млрд теңге.

    Қазіргі уақытта нысанда 7 мың м³ қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда ресайклирлеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған.

    Аймақ басшысы жобаның іске асырылу қарқынына назар аударып, жұмыстарды жеделдетуді және бөлінген қаражатты тиімді игеруді тапсырды. Ол жол сапасының жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, халықпен кездесулерде көтерілген инфрақұрылым мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
  • 1 мамыр күні Балқаш ауданында кезекті санитарлық тазалық сенбілігі өтті.
  • Өз мәңінде өрнек тапты
  • “Тазалық күндері” акциясы
  • “Тазалық күндері” акциясы