Жастар мен мемлекет: ашық диалог

58fd0b9b-7a11-4911-a0a7-84f8e4bcf588.jpg

    Балқаш ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  2025 жылғы 8 тамыз күні Ақдала ауылдық мәдениет үйінде «Жастар мен мемлекет: ашық диалог!» -тақырыбында аудан әкімінің жастармен кездесуі өтті. 

f397b288-0db6-4ab3-b8d3-da86a9050887.jpg

    Кездесуге ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілі, майор - Тимур Николаевич Алиякбаров арнайы келіп қатысты. 

ced901a5-a805-4c10-970c-f9c90ab98a22.jpg

    Шара барысында ауданның белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар жастардың ұсыныстары тыңдалып, түрлі салалар бойынша өзекті мәселелер талқыланды. 

Кездесуге арнайы келген ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің өкілі, майор - Тимур Николаевич Алиякбаров жастарға әскери қызметтің маңызы, әскерге шақырылу тәртібі мен талаптары туралы ақпарат беріп, Отан алдындағы борышты өтеудің патриоттық мәнін атап өтті. 

Кездесу соңында қатысушылар патриоттық құндылықтарды нығайту, қоғам өміріне белсенді қатысу және туған жердің дамуына үлес қосу жөнінде ой бөлісті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 1,26 млн гектар жер анықталды
  • Аким Алматинской области поручил усилить контроль за использованием земель
  • Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда
  • В новой Конституции усиливается защита семьи и детства – Динара Закиева
  • Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева