Жолдауға үн қосу

Мемлекет басшысы: «Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады»

 9e3913f6-86b8-4028-b295-8f88d29a5a78.jpg

    «Тағы бір маңызды мәселе, бұл – туризм. Жалпы, бұл салада біраз түйткілді мәселе бар. Шынын айту керек, кәсіби кадрлар тапшы. Осы саладағы бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы. 

    Мен шілде айында туристік жерлердің барлығын ретке келтіру туралы тапсырма бердім. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда. Жұрт жиі баратын демалыс орындарынан бөлек, болашағы зор басқа да бағыттардың әлеуетін арттыру маңызды. 

    Міндеттердің ара-жігін ажыратып алған жөн. Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады. Ал шетелден туристер тарту мәселесі және отандық туризм саясатын заң тұрғысынан қамтамасыз ету орталық органдардың назарында болады. 

    Осы орайда, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау туризмі мен тау шаңғысы туризміне арнайы тоқталғым келеді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндетті ойдағыдай орындасақ, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық бренді болмақ».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай Балқаш аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Артық білім кіта
  • Өрт қауіпі: Алматы облысында 13 мобильді топ жұмыс істеуде
  • Джевдет Йылмаз поблагодарил за оказанное гостеприимство и передал Касым-Жомарту Токаеву теплые пожел
  • Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
  • лава государства принял Вице-президента Турции Джевдета Йылмаза