ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауына өтінім қабылдауды бастады.
Мақсат:
Әлеуметтік қызметкерлердің беделін арттыру, үздік тәжірибені насихаттау, инновациялық жобаларды қолдау.
7 номинация:
✔ Арнаулы қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері
✔ Үйде күтім көрсету ұйымының үздік қызметкері
✔ Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор
✔ Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері
✔ Үздік әлеуметтік педагог
✔ Еңбек мобильділігі орталығының үздік қызметкері
✔ Үздік әлеуметтік жоба
Өтінім қабылдау: 1 тамыз – 30 қыркүйек 2025 ж.
Өтінім беру: qamqor.enbek.kz
ЭЦҚ қажет
Онлайн дауыс беру + #Әлеуметтікфлешмоб челлендждер де өтеді!
Жеңімпаздар 24 қазанда Астанада марапатталады.
Кеңес алу: 1414
Толық ақпарат: qamqor.enbek.kz
Әлеуметтік саланың үздігі сен бол!