Жолдауға үн қосу

 d47bfcad-d434-48f7-8fa8-0c79cb9e42ff.jpg

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына  арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» - атты Жолдауын талқылау мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліз залында кездесу өткізілді. Кездесуде Жолдаудың басты міндеттері мен тапсырмаларына тоқталып, оның әр сала үшін маңызын кеңінен түсіндірді. Атап айтқанда, білім беру жүйесін жаңғырту, жасанды интеллектті өндіріс пен ауыл шаруашылығына енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.  Сонымен қатар, қатысушылар Жолдауда көрсетілген бағыттардың өңірлік деңгейде жүзеге асырылу жолдарын талқылады. Әсіресе, жастарды жаңа технологияларға бейімдеу, цифрлық сауаттылықты арттыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шаралардың өзектілігі ерекше атап өтілді.  Жиын соңында аудан тұрғындары Мемлекет басшысының бастамаларын бірауыздан қолдап, Жолдау міндеттерін орындау – баршамыздың ортақ борышымыз екенін жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*