ЖАСТАРҒА СЕНІМ АРТЫЛДЫ

9556c77d-d4fb-4080-a521-c830c405da65.jpg

Жолдауда Президент көтерген мәселелер – барлығымыздың күнделікті өмірімізге тікелей қатысты. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, Әділетті Қазақстан қоғамын құру, білім мен ғылымды қолдау, ауылды дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – барлығы да мемлекет дамуының жаңа кезеңін білдіреді.

Жолдауда жастарға ерекше көңіл бөлініп, олардың сапалы білім алып, жаңа технологияларды игеруіне, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау қажеттілігі аталып өтті. Бұл – болашағымыздың кепілі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту мәселелері де нақты шешімін табатын болды.

Президент Жолдауы – еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының, халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған нақты іс-шаралар жиынтығы. Әрбір қазақстандық осы бастамаларды қолдап, жүзеге асыруға өз үлесін қосса, еліміз жаңа белестерді бағындыратынына сенім мол.

Дана халқымызда «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Сондықтан Жолдауда белгіленген мақсаттарды бірге орындап, ондағы айтылған дүниелерге қолдау білдірейік!

  Сымбат НҰРПЕЙІС, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ
  • ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!
  • Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға а
  • Инициатива Президента «Таза Қазақстан»: Премьер-министр взял на контроль работу госорганов
  • Новый рекорд: поступления в государственный бюджет в Алматинской области превысили 1 трлн тенге