Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді

3.JPG

Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен болады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.
«Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл – біздің облыстың ерекшелігі», – деді ол.

Барлық жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өтті, тасымалдау кезінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия халықты егемендіктің иесі етуді ұсынды
  • Народ предложили сделать носителем суверенитета – Конституционная комиссия
  • Магеррам Магеррамов: законы не должны ухудшать положение граждан задним числом
  • Магеррам Магеррамов: заңдардың кері күші азаматтардың жағдайын нашарлатпауға тиіс
  • Глава фонда «Әділ сөз» высоко оценила закрепление норм о защите свободы