"Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы"

бб.JPG

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бірқатар қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды. 

Аудит барысында кәсіпорын тарапынан жалпы сомасы 79,6 млн. теңге көлемінде бұзушылықтар тіркелді. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 21,6 млн. теңгені, ал рәсімдік бұзушылықтар 58,0 млн. теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алуларда да заң бұзушылықтар анықталды. Техникалық сипаттамалардың тек орыс тілінде ұсынылуы, келісім шарттардағы талаптардың орындалмауы сияқты мәселелер тіркелді. Бұған қоса, бірқатар қызметкерлерге заңсыз артық төлемдер жасалғаны белгілі болды.

Аудиторлық қорытындының негізінде кәсіпорынның басшылығы мен лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылданды. Аталған бұзушылықтарды жою үшін 2025 жылғы 30 сәуірде нұсқама беріліп, тәртіптік жауапкершілік шаралары қарастырылды. Кәсіпорын тарапынан орын алған кемшіліктер бойынша тиісті түзетулер енгізіліп, қажетті шаралар қабылданғаны хабарланды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?
  • «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек
  • Две новые школы в рамках государственной программы «Келешек мектебі»
  • Алматы облысындағы елді мекеннің 95 пайызына кең жолақты интернет қол жетімді
  • В 95% населённых пунктов Алматинской области обеспечен доступ к широкополосному интернету