ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ce2d8794-5f3d-4a18-9499-7bc6649f5b36.jpg

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс орталығы Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің қолдауымен,  облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Көп тіл – бір әлем» тақырыбында облыстық іс-шара болып өтті.

    Аталмыш мәдени шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов, аудан, қала әкімдіктері, білім саласының өкілдері, жастар орталығының жетекшілері және облыста көп тіл меңгерген азаматтар қатысты.

   Облыстық іс-шараға арнайы барып қатысқан Береке ауылының тұрғыны, кәсіпкер, 4 тілді меңгерген Гафур Дусматов Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен және “Полиглот-2025” арнайы статуеткасымен марапатталды.

     Облыстық байқауда өзінің жан – жақты азамат екенін көрсетіп марапатқа ие болған Гафур Дусматов бұл іс – шараға қатысуына ықпал жасаған аудан әкімдігіне және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне ризашылығын білдіріп,  бүгінгі жаһандану дәуірінде бірнеше тілді меңгеру заман талабы екенін айтып, қуанышын жасырмады.

    Қазақстан әлемдік қауымдастыққа енген сайын дамыған елдердің өркениет көшіне ілесуге керекті талаптарды орындау міндеттемелерін де қатар алуда. Солардың бірі және негізгісі бірнеше тілді меңгеру. Ал тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс.

  Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы-тілді меңгеру.

    Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Сөз соңында айтарымыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біз жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренаға шығаруымыз керек.

                                                                           Өз тілшімізден.

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
  • В Алматинской области прошла информационно-итоговое мероприятие «Таза Қазақстан – жарқын болашақ»
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» ақпараттық-қорытынды шарасы өтті
  • Ключевые фигуры, культурные достижения и символы 2025 года
  • Президент тапсырмасы бойынша Балқаштағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 млрд теңг