Жолдау – ел дамуының жарқын бағдары

IMG_0085.jpeg

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің ертеңіне бағыт-бағдар беретін, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды бастама. Жолдауда көтерілген мәселелер қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған.

Ел болашағының баянды болуы – бүгінгі қабылданған шешімдер мен атқарылатын нақты істерге байланысты. Сондықтан Жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет. Әсіресе, білімді ұрпақ тәрбиелеу, сапалы білім беру, еңбек мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды сақтау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Жолдау – тек жоспарлар жиынтығы емес, ол елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын, жауапкершілік пен бірлікті нығайтатын маңызды құжат. Оның әрбір бастамасы елдің дамуына, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына бағытталған.

Отанымыздың өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болса, алынбайтын асу жоқ!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция – әділетті қоғамның негізі
  • Жолдау – ел дамуының жарқын бағдары
  • «Қазақтың ұлттық мұрасы – сәукеле жасау өнері»
  • ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН – ЖЕҢІСТІҢ ЖЕМІСІ!
  • Музей – өткен тарих