Алматы облысында жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге арналған профилактикалық іс-шаралар талқы

4.png

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. БРИФИНГ БАРЫСЫНДА «ГАЗБАЛЛОН», «ПИРОТЕХНИКА», «ҚАУІПСІЗ ЖАҢА ЖЫЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Макеновтың айтуынша, мерекелік іс-шараларды өткізуге тартылған 514 нысан есепке алынып, оның 279-ында тексеру жүргізілген.

«Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 412 бұзушылығы анықталды. Оның 378-і жедел түрде жойылды. Қазіргі таңда 245 нысан өрт қауіпсіздігі талаптарын толық сақтай отырып жұмыс істеуде», – деді Арман Макенов.

Спикердің мәліметінше, ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында 11 жедел топ құрылып, кезекшілікке 37 офицер тартылған. Сонымен қатар іс-шара өтетін нысандар бойынша 31 жедел жоспар мен өрт сөндіру карточкалары нақтыланып, аумақтарға 4 бірлік өрт сөндіру техникасы орналастырылған.

«Газ құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу бойынша автокөлік иелері мен станция қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Арман Макенов.

Жалпы қабылданған шаралар жаңа жылдық мерекелер кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағдайды тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік берген. Бұл бағыттағы жұмыстар профилактикаға басымдық бере отырып алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге арналған профилактикалық іс-шаралар талқы
  • Глава государства провел встречу с Президентом Российской Федерации
  • Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
  • Касым-Жомарт Токаев принял участие в неформальной встрече глав государств СНГ
  • Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты