Артық қаржыландыруды тоқтату қажет: Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды

1.JPG

субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді

     Үкімет отырысында Премьер-министр әлеуметтік сала приоритетті бағыт болып қала беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады.

Сұхбаттың ауқымды бөлігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады


— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте Премьер-министр Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарауға қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды.

Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім.

Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларды болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қарастыруы қажет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*
  • *Мемлекет басшысы бала өмірін сақтап қалған дәрігерлердің қажырлы еңбегін үлгі етті*
  • *Время диагностики сократилось в четыре раза, административные издержки до 40% – Глава государства о
  • *Диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды, әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді – Мемлек
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ