Президент: «Қарапайым істер де — отаншылдықтың белгісі»

11.png 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында патриотизмнің мазмұны туралы пікір білдірді. Президенттің айтуынша, отаншылдық — тек сөзбен емес, күнделікті өмірдегі қарапайым іс-әрекет арқылы көрінуі тиіс.

«Қоқысты жинау, тал егу, табиғатты аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де — отаншылдықтың белгісі», — деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті. Ол қоғамдағы тәртіп пен қоршаған ортаға жанашырлық таныту азаматтық жауапкершілікпен тікелей байланысты екенін жеткізді.

Сондай-ақ Президент сұхбат барысында үлкенді сыйлау, ізет көрсету және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын қозғады. Оның айтуынша, қоғамдағы мәдени мінез бен азаматтық сананы нығайту елдің тұрақты дамуына ықпал етеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды