Балқаш ауданында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алды

    2c8082bf-748d-4492-8a04-f53006540e0f.jpg

        Осы аптаның жұмасы күні аудандық кітапхананың оқырман залында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған «Қазақ елі Дінмұхамед Қонаевты еске алды» - атты іс-шарасы болып өтті.   

     Іс-шара барысында сөз кезегін алған қонақтар Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан, Д.Қонаевты еске алып, рухына тағзым жасап, Ұлы тұлғаның қажырлы еңбегінің арқасында көптеген игі бастамалардың атқаралғанын әңгіме өзегіне айналдырды.

     Сонымен қатар Дінмұхамед Қонаев туралы естеліктерде ол кісінің Қазақстанда ғана емес, СССР аумағында да беделді болғаны және  СССР компартиясының бағытын айқындайтын саяси бюро құрамында болғаны жиі айтылады.  Сондай –ақ СССР басшылары Никита Хрущев, Леонид Брежнев, Юрий Андропов, Константин Черненко және Михаил Горбачевпен қызметтес болғаны жайында тарихи деректерге баса тоқталды.

     Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ХХ ғасырдағы қазақ тарихындағы ең көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі. Оның есімі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, ғылым мен мәдениетінің өркендеуімен, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен тығыз байланысты. 

                                              Өз тілшімізден


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ІШІНДЕ
  • Я горжусь своим именем
  • ЕСІМІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН
  • Балқаш ауданында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алды
  • В Балхашском районе почтили память Динмухамеда Кунаева