
Конституциялық комиссия ұсынған өзгерістер елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және
халықтың билікке қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам деп бағалауға болады.
Парламенттің, Президенттің және өзге де мемлекеттік институттардың өкілеттіктеріне жүргізілген
кешенді қайта қарау билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға ықпал етеді.
Президент институтына қатысты нормалардың жаңартылуы, Вице-Президенттің құқықтық мәртебесін
айқындайтын жеке баптың енгізілуі басқару жүйесінің сабақтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз
етуге бағытталған. Бұл мемлекет басқарудағы жауапкершілікті нақтылауға және өкілеттіктердің айқын
бөлінуіне мүмкіндік береді.
Бірпалаталы Парламент моделіне көшу аясында Курултайдың қызметін қайта құрылымдау – заң шығару
үдерісін оңтайландыруға арналған маңызды реформа. Заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілер
аясын кеңейту және Курултай реттейтін қоғамдық қатынастардың тізбесін ұлғайту заңдардың сапасы
мен қоғам сұранысына сай болуын күшейтеді.
Ерекше атап өтерлігі – азаматтардан құрылатын Халық кеңесінің жеке бөлім ретінде Конституцияға
енгізілуі. Бұл жаңа жоғары консультативтік органның халық мүддесін білдіруі және заң шығару
бастамасына қатысуы азаматтық қоғамның рөлін арттырып, халық пен мемлекет арасындағы
байланысты нығайтады.
Сонымен қатар, Конституциялық соттың тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесін Конституция
деңгейінде бекіту және оның шешімдерінің құқықтық салдарын нақтылау – Конституцияның үстемдігін
қамтамасыз етудің берік кепілі. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер демократиялық
институттарды дамытуға, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға және халықтың мемлекеттік
басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған деп санаймын.
Балқаш аудандық аналар кеңесінің мүшесі - Н.Капсаланова


