Заң және тәртіп

441bb3c6-80ef-4fa0-82ad-a13ab4b3e45d.jpeg

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ» қағидаты аясында оқушылар мен студенттерге арналған құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ауқымды кездесу өтті.

Іс-шараға Балқаш аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Н.Е.Қамаубаев пен Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтық, буллинг, кибербуллинг, есірткі қылмысы, түнгі уақытта заңсыз жүру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында мамандар нақты мысалдар келтіріп, құқық бұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы ашық айтты. Әсіресе, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, бопсалау мен алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарына ерекше тоқталды.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру – болашаққа жасалған маңызды қадам екені атап өтілді. Себебі тәртіп пен заңға құрмет – қауіпсіз қоғамның негізі.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жазалау емес, алдын алу. Әрбір жас өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығына құрметпен қарауды үйренуі қажет.

Сонымен қатар, аудан мағында ағымдағы жылдың ақпан айының 28-і мен наурыз айының 3-і күндері өтетін “ЖАСӨСПІРІМ” ЖАІШ туралы ескертілді.

Қауіпсіз балалық шақ – баршамыздың ортақ міндетіміз!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң және тәртіп
  • Жасөспірім
  • “Қаңғыбас” ЖПШ
  • Тұрмыстық зорлы зомбылық
  • Хабарландыру