Ата Заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін

Ғылыми еркіндіксіз даму мүмкін емес – Ұлттық ғылым академиясының мүшесі

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында комиссия мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Дурвудхан Сұраған ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту мемлекеттің стратегиялық дамуына тікелей әсер ететінін, ғылыми еркіндіксіз тұрақты даму мен демократиялық қоғам құру мүмкін еместігін айтты.

«Ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту – ғылымды қосалқы құрам емес, жеке-дара құндылық ретінде мойындауды білдіреді. Баршамызға мәлім, ғылымсыз – тұрақты даму да, шынайы демократия да, тиімді мемлекеттік басқару да мүмкін емес. Конституциялық норма, ең алдымен – ғылыми шығармашылық еркіндігі мәртебесін айқындайды. Яғни, мемлекет оның еркін жұмыс жасауы үшін жағдай жасауы тиіс», – деді ол.

Оның айтуынша, ғылыми шығармашылық еркіндігі университеттер мен ғылыми орталықтардың дербестігімен, оқытушылар мен ғалымдардың академиялық еркіндігімен тығыз байланысты. Бұл норманы Конституцияда нақты бекітпейінше, ғылыми мекемелердің әдістеме таңдау, зерттеу және түсіндіру тақырыптары бойынша еркіндігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Комиссия отырысында жаһандық бәсекелестік пен технологиялық трансформация жағдайында ғылыми еркіндіктің стратегиялық маңызына да назар аударылды.

Сөз соңында ол Преамбулада және қосымша баптарда адами капитал, білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде бекітуді қолдауға шақырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 1,26 млн гектар жер анықталды
  • Аким Алматинской области поручил усилить контроль за использованием земель
  • Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда
  • В новой Конституции усиливается защита семьи и детства – Динара Закиева
  • Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева