Ермұрат Бапи: «Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана бізді жасампаз болашаққа бастай алады»

еам.png

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қазір мемлекеттілікті, Тәуелсіздікті, елдікті қауіпсіздендіру қам-қарекетін жасау бәрінен

 де маңызды екенін, сондықтан Президент ұлттық деңгейдегі саяси трансформация жасау реформасын ұсынғанын

 мәлімдеді. 


«Мен бұл бастаманы толық және сөзсіз қолдаймын. Қоғамда билікті күшейту әрекеті жасалып жатыр деген жекелеген 

пікір бар. Жоқ! Бұл күшейтудің мәнін біз билікті күшейту арқылы Тәуелсіздікті, ұлттық мемлекетіміздің қауіпсіздігін 

күшейтіп жатырмыз деп түсіну керек. Әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Қазақстан осы өзгерістер әлемінде өз Тәуелсіздігін 

берік ете отырып, жаңа тәуекелдерге дайын болуы керек. Қазіргі геосаяси гәу-гәу асқынып бара жатқан әлемде біздің

 елдің мемлекеттік билігі бұрынғыдан да монолитті және біртұтас болуы керек. Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана 

бізді жасампаз болашаққа бастай алады», – деді депутат.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды