Өзгерістер көлемі ауқымды

15.png

Биылғы жылдың қаңтар айында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы 

Қасым -Жомарт Тоқаев атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы өзгерістерге де 

қатысты өз көзқарасын білдірген еді.

Сондай-ақ, парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер 

енгізу көзделгенін атап өткен еді. Алайда жұмыс барысында өзгерістер көлемі әлдеқайда ауқымды 

болатыны айқындалып, олар саяси және қоғамдық өмірдің көптеген өзге де қырларын қамтитыны 

белгілі болды.Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі

 түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 

77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері 

Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты.Соның нәтижесінде жаңа

 Конституцияның жобасы өмірге келді.Онымен біз жақын танысып,оған ел қалаулылары

 қолдау білдіруде.


Кәдірбек Омаров,Балқаш аудандық мәслихат төрағасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үміт отын сыйлады
  • Алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек
  • Негізгі басымдық ретінде жария етілді
  • Құндылықтар мен қағидаттарға көз жеткіздім
  • Өзгерістер көлемі ауқымды