ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - АЙҚЫН НӘТИЖЕГЕ БАСТАЙДЫ

1.JPG

Осы аптаның дүйсенбісінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігімен бірлесіп, «Айқын нәтиже» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде қылмыстардың алдын алу мақсатында интернет-алаяқтық, адам ұрлау, некеге мәжбүрлеу, сталкинг және кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың фактілерінің жолын кесуге бағытталған тақырыптық іс-шара өткізілді.

 

Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Данияр Нұрманов, аудан прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Нұрмұхаметов, аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Қайсар Орынбасар, сонымен қатар аудан көлеміндегі ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиынның жүргізу тізгінін өз қолына алған Данияр Нұрманов құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын күшейту мәселелерін талқылау үшін алғашқы сөз кезегін аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Қайсар Жанатұлына берді.

Сөз кезегін алған полиция қызметкері өз сөзінде «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану, өзгенің құқына заңсыз қол сұғу, адамдарды алдау-арбау арқылы табыс табуды кәсіпке айналдырған адамдар нағыз алаяқ. Алаяқтар басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстарға баруы мүмкін» деді. Сондай-ақ осы уақытқа дейін алаяқтардың арбауына түскен адамдардың қиын жағдайға ұрынғаны жө-нінде әңгіме өрбітіп, олардан сақтанудың әрекеттерін ескертті.

2.JPG

Келесі кезекте сөз алған аудан прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Нұрмұхаметов Заң мен тәртіпті сақтау алаяқтардың арам істеріне жол бермеу - елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне, қоғамда әділдік үстемдік құрған кезде адамдардың бір-біріне деген сенімі артып, татулық орнайтыны айтты. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдеріне және аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты профилактикалық шаралар қабылдау, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды жолға қоюды және алаяқтармен жүйелі жұмыс жасау жөнінде мәселелерді ортаға салды.

 

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау жөніндегі шараларды күшейту мақсатында және Заң мен тәртіп тұжырымдамасын іске асыру және қоғамның тұрақтылығы мен елдің іргесінің мызғымас беріктігі, ең алдымен,

заңның үстемдігіне тікелей байланысты екенін айтып, алаяқтық

істердің алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қажетті әрекеттерді бірлесіп атқаруға шақырды.

         

 Бақтығали ДӘУІТБАЙ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейтіледі
  • Жастарға қызмет көрсету орталығында «Сталкинг - құқықбұзушылық» тақырыбында жастармен кездесу өткізі
  • Жастарға қызмет көрсету орталығында «Сталкинг - құқықбұзушылық» тақырыбында жастармен кездесу өткізі
  • ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ САЯСИ КЕЗЕҢ
  • Өңірлік кадрлық резерв: өңірдің кадрлық әлеуетін күшейтетін нақты тетік