Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл

қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті

1.JPG


    Кездесуге қазақ күресінің түйе балуандары мен Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының спортшылары қатысты.

    Шара барысында жас балуандар қадірменді қонаққа төл күресімізідң әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің үндестігін паш етті. Ерсін Балтағұл өз кезегінде сумода жиі қолданатын әдістерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

2.JPG

    Кәсіпқой спорттағы табысымның кілті – еңбек, тәртіп және ұлттық негізден ажырамау. Мен қазақ күресі мен дзюдо мектебінен қалыптастым. Жапондарда «Ондуошин и» деген ұғым бар, яғни залдың рухын сезіну. Мен де кілем мен залдың тынысын сезінуді төл күресіміздің мектебінен үйрендім. Бұған мысал келтіретін болсам, мен сумо белдесулерінде қазақ күресінің «Жамбас» әдісін жиі қолданамын, – деді спортшы.

    Шара соңында Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Мейіржан Берекетов Ерсін Балтағұлға құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, естелік кәдесый табыстады.


    Бұл кездесу жас спортшылар үшін үлкен мотивация әрі ұлттық рух пен халықаралық тәжірибенің тоғысқан тағылымды сәті болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды