АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАП КЕТТІ

image.png

15 наурыз күні еліміздің барлық өңірлерінде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша Жалпыхалықтық референдум өткізіледі. Бұлел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам болғандықтан Ата –заңымызға енгізілетін өзгерістерді халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде коалиция мүшелері кұрылып, олар  өз жұмыстарын бастап кетті.

        Аудан орталығынан құрылған коалиция мүшелері үгіт- насихат жұмыстарын  аудандық Орталық аурухана ұжымымен кездесуден бастады. 

       Кездесу барысында коалиция мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың қоғамға, мемлекет дамуына тигізетін маңызы жайында баяндап, аталмыш ұжымның пікірлеріне құлақ түрді.

Мұнан соң аудандық коалиция мүшелері аудан орталығында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешеніне атбасын бұрды. Ол жерде де күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша әңгіме өрбітіп, спорт салысы қызметкерлерінің пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары өз жалғасын табатынын айтты.

Коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары жайында кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік тармақтарының теңгерімін сақтау және халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыру мәселелері түсіндірілді. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар референдум күні әрбір дауыстыңел болашағына қосылған үлес екенін сөзден іркіп қалмады.

Иә, Конституция − кез келген елдің құқықтық іргетасы ғана емес, оның тарихи таңдауының, құндылықтық бағдарларының және болашаққа деген сенімді стратегиялық көзқарасының айнасы. Конституцияның бүкіл халықтың дауысымен бекітілуі оның заңдық күшін ғана емес, қоғамдық негізін де күшейетіні сөзсіз.

                                                      Өз тілшімізден.

 



 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.
  • АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІРГЕТАСЫ
  • Азаматтар ойларын еркін білдіре алады
  • АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІРГЕТАСЫ
  • РЕФЕРЕНДУМ – АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ