«Конституциялық өзгерістер — демократиялық жаңғыру жолы»

9.png

«Конституциялық өзгерістер — демократиялық жаңғыру жолы» тақырыбында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңызы, олардың қоғам өміріне, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіне ықпалы кеңінен талқыланды. 

Қатысушылар Қазақстан Республикасындағы конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталып, азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін сөз етті. 

Шара соңында қатысушылар Конституциялық жаңғыру елдің тұрақты дамуына, әлеуметтік әділеттіліктің нығаюына және халық денсаулығын жақсартуға берік негіз болатынын жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды