«Дауыс беруге арналған бюллетень»

2026 жылдың 15 наурызында «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдумда әрбір қазақстандық жеке дауыс береді. Бюллетень жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде референдумда дауыс беруге құқылы азаматтар тізімі негізінде беріледі. Содан кейін Сіз бюллетеньді алғаныңыз туралы тізімге қол қоясыз.

Бюллетень жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Бюллетеньде Сіз өзіңіз жақтап дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қоясыз. Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзету енгізуге болмайды. Толтырылған бюллетеньді дауыс беру жәшігіне саласыз.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бірлік ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды
  • Александр Вучич поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием
  • Александр Вучич қонақжайлық танытқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
  • Президенты Казахстана и Сербии провели переговоры в расширенном формате
  • Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді