Александр Вучич қонақжайлық танытқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

image.png

Александр Вучич қонақжайлық танытқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Белград 

Астанамен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады


????Сербия Президенті қазақстандық компаниялардың ортақ жобаларға, әсіресе, құрылыс саласына қосар үлесін

 арттыруға мүдделі екенін жеткізді. 


– Біз Қазақстан ұсынған бірқатар бастамаларды жүзеге асыруға әзірміз. Бұл Сербияда ғана емес, Еуропаның 

аталған аймағындағы маңдайалды жобалар болмақ. Сондай-ақ қазақстандық SCAT компаниясына әуе кеңістігінде

 бесінші деңгейлі еркіндік беру мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Ортақ іс-қимыл арқылы аталған мәселені шеше

 алатынымызға сенімдімін. Сербияға Қазақстанның сенімді құрылыс компаниялары мен инвесторлары келгенін қалаймыз. Бұл еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсартып қана қоймай, өзара мәдени, туристік байланыстарды жандандыруға да септігін тигізеді. Өз тарапымыздан Сіздің еліңіздің экономикасына инвестиция салғысы келетін сербиялық кәсіпкерлерді ынталандыруға барынша күш-жігер жұмылдырамыз, – деді Александр Вучич. 



????Сербия Президенті қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталығы секілді бағыттарда 

өзара ықпалдастықты арттыруға зор әлеует бар екеніне назар аударды. 


????Сонымен қатар ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалап, 

мұны әлемдегі өсіп-өркендеудің үлгісі деп атады. 


????Келіссөз барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, атап айтқанда, сауда-инвестиция,

 көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар, цифрландыру, жасанды интеллект, құрылыс және 

туризм салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды. 


t.me/aqorda_resmi


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В ходе телемоста первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев, аким Актюбинской области Асх
  • Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі
  • Глава государства: «Главная цель – превратить нашу страну в один из ведущих логистических узлов, сое
  • Мемлекет басшысы: «Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желі
  • Мемлекет басшысы: «Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желі