Коалиция мүшелері Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж ұжымымен кездесті

ym.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері

 Бақанас ауылындағы Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж ұжымымен ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы прокуратура институтының мәртебесіне қатысты өзгерістер түсіндірілді. 

Коалиция мүшелері прокуратураның заңдылықтың сақталуын қадағалайтын орган ретіндегі конституциялық мәртебесі

 нақтыланатынын атап өтті.

Коалиция мүшесі Самат Рахишов бұл норманың құқықтық мемлекет қағидаты үшін маңызын кеңінен түсіндірді.

«Прокуратура – заңның үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тетік. Жаңа редакцияда оның өкілеттігі мен жауапкершілігі 

нақты айқындалады. Бұл – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы мемлекеттік кепілдіктің күшеюі 

деген сөз. Заңдылық сақталмайынша, әділетті қоғам құру мүмкін емес», – деді ол.

Ұжым өкілдері құқықтық кепілдіктерге қатысты сұрақтарын қойды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В ходе телемоста первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев, аким Актюбинской области Асх
  • Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі
  • Глава государства: «Главная цель – превратить нашу страну в один из ведущих логистических узлов, сое
  • Мемлекет басшысы: «Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желі
  • Мемлекет басшысы: «Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желі