
Іле ауданындағы Экономика және құқықтану колледжінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Stop коррупция» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Кездесу барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына тигізетін кері әсері, оның әлеуметтік-экономикалық салдары және әр азаматтың құқықтық жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа арналған бейнероликтер көрсетіліп, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары түсіндірілді.
Пікір алмасу барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, адалдық, әділдік және заң үстемдігі құндылықтарының қоғамдағы маңызын талқылады. Жастардың белсенділігі олардың азаматтық жауапкершілікке деген қызығушылығын және құқықтық мәдениетті нығайтуға деген ұмтылысын көрсетті.
Осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары жастардың бойында адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін орнықтыруға ықпал етеді.


