
Интернет алаяқтығы – бүгінгі қоғамның ең өзекті қауіптерінің бірі. Бір ғана абайсыз әрекет жеке деректердің жоғалуына және қаржылық шығынға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат цифрлық сауаттылықты арттырып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, SMS-кодтар мен банк деректерін ешкімге бермеуге тиіс. Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі, ал саналы әрекет – алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы. Өз ақпаратыңызды қорғаңыз, жақындарыңызға да ескертіңіз!
#ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізҚазақстан #ИнтернетАлаяқтық #Киберқауіпсіздік #СақБолайық #ЦифрлықСауаттылық #БалқашАуданы


