




Республикалық сенбілік ауданда өз деңгейінде өтті
Бүгін еліміз бойынша “Таза Қазақстан” акциясы аясында республикалық сенбілік өтуде. Аталмыш іс-шара Балқаш ауданында да өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Сағат тілі сегізді соққанда аудан орталығының тұрғындары “Д.Қонаев” атындағы саябаққа жиналды. Аудан әкімі Азат Құтпанбетов осында жиналған қауымға өз тілегін білдіре келе,жыл басынан бері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына белсене атсалысып жүрген мекеме-ұйымдардың қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етіп,олардың баршасына осы іске ұйымшылдықпен атсалысып жүргендері үшін өз алғысын жеткізді.
Мұнан соң күрек-тырмасын өздерімен бірге алып келіп келген ауыл тұрғындары өз жұмыстарын бастап кетті. Тал-теректерді арамшөптерден ада етіп,оны арнайы бөлінген техникаларға тиеді. Барлығы “бір үйдің баласындай,бір қолдың саласындай”ұйымшылдықпен еңбек етті.
Осындай ауқымды жұмыстар аудан көлеміндегі барлық ауылдарда да ұйымдастырылды.
“Балқаш-ақпарат”.


