
Құрылтай сайлауына да 11 күн уақыт қалды.Осы мерзім аралығын балқаштықтар асыға күтіп жүр.Өйткені сол күні еліміздің тарихында Құрылтайдың алғашқы күнпарағы ашылып, дамуымыздың жаңа бағыты желкенді қайықтай өмір додасына бағыт алады.
Балқаштық жерлестерімнің бүгінде көңіл-күйлері жоғары.Оны ауыл көшелеріндегі көріністерден анық байқауға болады.Қай жерге барсаңыз да әңгіме-дүкендерінің ауаны осы Құрылтай сайлауы жайлы өрбиді.Қандай партиялар саяси бәсекеге түсіп жатқаны,олардың сайлауалды бағдарламаларында қандай мәселелер қамтылғаны және тағы басқа да мәселелерді әңгіме өзегіне айналдыруда.
Еліміздің саяси өміріндегі тарихи күнді біз отбасымызбен асыға күтіп жүрміз.Өйткені заң шығарушы органға жаңа буын,жаңа леп керек.Бұл тұрғыда ой жүйелер болсам,осыдан соң еліміз одан әрі дами түседі,келешегіміз кемелдене түседі деген сенім бізді алдыға жетелеуде.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам,Құрылтай сайлауына балқаштықтар тас-түйін дайын!
Микоян Күршалиев, зейнеткер,Балқаш ауданының Құрметті азаматы.


