
Бақ дарыған Балқаш ауданының ауыл шаруашылығы саласының мамандары Құрылтай сайлауына үкілі үміттерін ұштап отыр. Олай дейтінім,менде ұзақ жылдардан бері осы ауыл шаруашылығы саласының қара қазанында қайнап жүрген жандардың бірімін.
Осыдан бірнеше жылдар бұрын “Бақанас-Астық” АӨК-ін құрып,содан бері ақ күрішті ақтап,елімізден бөлек алыс-жақын шетелдерге жөнелтіп жатырмыз.
Осы Құрылтай сайлауы шетелге экспорт шығаратын шаруашылық басшысы ретінде үкілі үмітіме жігер сыйлауда. Болашақта Құрылтай мінберінде біздің осыған дейін түйіні тарқатылмаған мәселелеріміз оң шешімін табатынына сенімім зор.
Ырысты да күрішті өңірдің бір шегесінің дұрыс қағылуына күн-түн демей еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде сайлауға барып,өз таңдауымды жасауға әзір отырмын.
Қоғам игілігі жолында Сіздерді де сайлауға қатысуға шақырамын.
Ғалымбек Әбдіқұлов, “Бақанас-Астық” АӨК - нің төрағасы.


