ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

54.png87.png

46.png

12 тамыз Халықаралық жастар күні. Осынау айтулы күнге орай аудан орталығындағы жастар ресурстық орталығында "Jastar open space" тақырыбында шығармашылық, мәдени және ойын-сауық аудандық фестивалі болып өтті. 

Мерекелік шараның шымылдығын түрген аудан әкімі Азат Құтпанбетов жастар қауымына өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, аудан көлемінде қоғамдық іс-шараларға белсенділік көрсетіп жүрген жастарды марапаттады. 

Аудан басшысы өзінің құттықтау тілегінде: "Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңін айқындайтын жалынды буын. Қай кезеңде де мемлекеттің дамуы мен жаңғыруында жас ұрпақтың орны ерекше. Бүгінгі білімді, еңбекқор, отаншыл іс жастар – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

     Жастар күні – жас буынның қоғамдағы белсенділігін арттырып, олардың білімге, ғылымға, спортқа, өнерге және кәсіпке деген қызығушылығын қолдауға бағытталған маңызды мереке. Бұл күн – жастардың жетістігін дәріптеп қана қоймай, олардың алдында тұрған міндеттер мен жауапкершілікті де еске салатын ерекше күн.

      Қазіргі таңда елімізде жастардың сапалы білім алып, мамандық игеруіне, еңбекпен қамтылуына, кәсіп бастауына және өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Мұндай қолдау жас азаматтардың өз болашағына сеніммен қарауына жол ашады"-деп, жастар қауымын жарқын болашақ тіледі. 

Келесі кезекте аудандық мекемелерде қызмет жасап жүрген белсенді жастарға сөз кезегі беріліп, оларға құрмет көрсетілді. 

Мерекелік іс-шарада аудан өнерпаздары әуеледе ән шырқап,  "Ерке шоу" би тобының бишілері өз өнерлерін ортаға салды. 

Халықаралық жастар күніне арналған фестивал би кешімен өз жалғасын тапты. 

     Ауыл жастарының да ел дамуына қосып отырған үлесі зор. Бірі ауыл шаруашылығында еңбек етсе, енді бірі кәсіпкерлікпен айналысып, жаңа жұмыс орындарын ашып келеді. Спорт пен өнерде аудан, облыс, республика көлемінде жетістікке жетіп жүрген жастарымыз аз емес. Осындай азаматтардың әрбір жеңісі – туған жердің мерейі.

Жастар – жаңашылдыққа ұмтылатын, жаңа идеяларды батыл жүзеге асыра алатын күш. Сондықтан олардың бастамасына қолдау көрсету, пікіріне құлақ асу, қоғамдағы белсенділігін арттырды.

     Жастар күні – жас буынға үлкен сенім артылатын кезеңнің символы. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Өз тілшімізден


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ
  • Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Үкілі үмітімізді ұштап отырмыз
  • Заң мен тәртіп
  • Құрылтай сайлауына балқаштықтар тас-түйін дайын