Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

IMG_8065.jpeg

Өткен жылы Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгені құрады. Оның ең үлкен үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі - 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.

Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында Республика күні кең көлемде атап өтілді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚОҒАМНЫҢ БАҒДАРЫ
  • Поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева с Днем Республики
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы Қымбатты отандастар!
  • Конституция – мемлекеттің берік іргетасы