Сенбіліктер жалғасуда

23bc59d1-6bf5-481d-bef6-a2e44773ca7d.jpege5bdcbec-4ef0-430b-9fb7-a0d008b35360.jpeg6f1a2c16-0498-4f6e-9da2-ad53d08e13a1.jpeg

c67652cb-d7ec-4c03-8b64-91e040f92740.jpeg

“Таза Қазақстан” акциясы аясында бүгін аудан аумағында сенбіліктер өтуде. Аталмыш іс-шараға аудан тұрғындары біркісідей атсалысып,көше бойларын күл-қоқыстан тазартып жатыр.

      Атап өтер болсақ,жыл басынан бері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде 232  сенбілік өткізілді. Осы уақыт ішінде 6800 түп ағаш отырғызылып, акцияға 9200- ге жуық тұрғын мен 65-ке жуық мемлекеттік мекеме мен ұйымның қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырылған сенбіліктер барысында 250 көше, 1900 тұрғын үй мен мекеме аулалары, 30 шақырым арық жүйесі, 11 саябақ, сондай-ақ 18 өзен-көл жағалауы тазартылды. Сонымен қатар үйлер әктеліп, қоршаулар мен шарбақтар сырланып, 152 тонна күл-қоқыс шығарылды. Атқарылған жұмыстарға 89-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, “Таза Қазақстан” платформасы арқылы тұрғындар арасында түсіндіру және ақпараттық жұмыстарда тұрақты жүргізілуде. 

     Экологиялық мәдиниетті қалыптастыру әр азаматтын өзінен басталады. Қоқыста арнайы орындарға тастау, табиғатты латамау, жасыл желекті қорғау, ағаш отырғызу секілді қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаны қорғауға қосылған үлкен үлес. Сондықтан туған жеріміздін тазалығын сақтау-баршамыздың ортақ міндетіміз деп білуіміз керек.

          Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Есірткісіз қоғам-жарқын болашақтың кепілі
  • Меншікті қорғау-әр азаматтың жауапкершілігінде
  • Заң мен тәртіп
  • Сенбіліктер жалғасуда
  • Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана