ЖАС ЖҰБАЙЛАР ДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

image.png

Жақында ғана шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірге қадам басқан Нұрлан Қанатұлы мен Тоғжан Бақтиярқызы Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

Жас жұбайлар үшін бұл күннің орны ерекше. Өйткені олар отбасылық өмірлерінің алғашқы кезеңінде елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық борыштарын орындады.

Сайлау учаскесіне бірге келген Нұрлан мен Тоғжан өз дауыстарын беріп, ел болашағына деген сенімдерін білдірді. Жастардың осындай маңызды қоғамдық шараларға белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің белгісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности