Дауыс берді, кейін шөп шабуға аттанды: Алматы облысының тұрғындары сайлауды науқандық жұмыспен ұштас

59.png

Дардамты ауылдық округіндегі №910 сайлау учаскесінде таң ерекше, бірақ ауылдың тұрмыс-тіршілігіне тән көрініспен

 басталды. Шөп шабуға бет алған ауыл тұрғындары дауыс беру үшін сайлау учаскесіне аялдап, өз таңдауын жасаған

 соң, жұмысқа қарай жол тартты.

Жаз мезгілі – ауыл тұрғындары үшін қауырт кезең. Шөп дайындау күш-жігер мен уақытылы әрекет етуді қажет етеді. 

Сондықтан Дардамты тұрғындарының көпшілігі үшін таң қызу еңбектен басталады.

Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ауыл тұрғындары сайлауға қатысуға уақыт тапты. Олар учаскеге жұмыс 

киімімен келіп, дауыс беруден кейін шөп шабуға аттанды.

«Бүгін шөп шабуға ерте шығуымыз керек болды. Қазір науқан қызған кез, жұмыс көп. Бірақ сайлауға қатысуды 

маңызды деп санаймыз. Сондықтан алдымен сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердік, содан кейін жұмысымызға

 кірістік», – деді ауыл тұрғындарының бірі.

Ауылдағы еңбек шаруалардың жоғары жауапкершілікті талап етеді. Ал еліміз үшін маңызды өзгерістерге қатысу 

қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Осылайша, Дардамтыдағы бұл жағдай бірнеше міндетті бір күнде қатар

 атқаруға болатынын көрсетті.

Ауыл тұрғындары үшін дауыс беру жұмысқа кедергі болған жоқ. Керісінше, олар сайлау учаскесіне баруға алдын 

ала уақыт бөліп, қоғамдық белсенділікті маусымдық маңызды жұмыстармен ұштастыра білді.

Дардамтыдағы қарапайым таңғы көріністің мәні терең. Ол ауыл шаруашылығы жұмыстары қызған кезеңнің өзінде

тұрғындардың қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндік табатынын көрсетті.

Еңбек күтпейді, азаматтық жауапкершілік те кейінге қалдырылмайды.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности