Ғасыр жасаған әже Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

65.png

Бүгінгі Құрылтай сайлауында Ұзынбұлақтық  104 жастағы Тыл ардагері  Күлпара Шортанова  өз таңдауын жасады. 

Ғасырлық ғұмыр иесі ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін дауыс берді.


Ғасыр куәсі болған ақ жаулықты ананың бұл қадамы – жас ұрпаққа үлгі, ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын

 көрінісі. Ел болашағына алаңдаған абзал ананың азаматтық ұстанымы көпшілікке өнеге болды.


Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің төрт буынының өкілдері дауыс берді. 104 жастағы 

Күлпара Шортанова, оның 86 жастағы ұлы Марат, 51 жастағы немересі Олжас, 26 жастағы немересі Бейбіт және

 19 жастағы шөбересі Бақтияр өз таңдауын жасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности