Алматы облысындағы сайлау учаскесіне «Абай» келді

image.png

Ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған Абайдың тағылымды сөздері бүгін Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау

 учаскесінде көпшілікке ой салды.

Құрылтай депутаттарын сайлауға театр және кино актері, режиссер-педагог Берікқан Төкенов Абай Құнанбайұлының 

образында келді. Өз таңдауын жасағаннан кейін актер хакімнің «Қара сөздерінен» үзінді оқыды.


Бұл көрініс сайлау учаскесіне келген жұртқа ерекше әсер қалдырды. Қолына бюллетень ұстаған тұрғындар бір сәт 

дауыс беруден бөлек, ұрпақтан ұрпаққа жеткен Абайдың ғибратты сөздеріне құлақ түрді.

Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Оның білім мен ғылым, адамгершілік пен ар-ұят, елдік пен қоғам 

алдындағы жауапкершілік туралы ойлары арада қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес.

Берікқан Төкеновтің Абай бейнесінде сайлау учаскесіне келуі дауыс беру күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне

 айналды. Бұл көрініс хакім мұрасының бүгінгі өмірмен сабақтасып, оның тағылымды ойларының әлі де қоғам үшін

 маңызды екенін көрсетті.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген.
  • Қазақстан Президентін Түркия басшысының әуежайдан өзі қарсы алуы
  • *Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию*
  • Іле ауданынан шыққан «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы ауқымын кеңейтуде
  • Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности