Ақын рухына тағзым: Алматы облысында Тұманбай Молдағалиевтің жұбайы Құрылтай сайлауында дауыс берді

дп.png

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесіне келген сайлаушылардың қатарында қазақтың көрнекі ақыны Тұманбай Молдағалиевтің жары Күлтай Қасымова да болды. Біртуар тұлғаның аяулы жары алдымен ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аруағына тағзым етті. Кейін сайлау учаскесіне кіріп, дауыс берді. Осы сәтте Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән шырқалып, сазды әуен мен мәнді өлеңнің үйлесімі халықтың ерекше ықыласына бөленді.

*– Бүгін мен үшін ерекше әсерге толы күн болды. Сайлау учаскесінің Тұманбайдың атымен аталатын мәдениет үйінде орналасуының өзі жүрекке жылы тиеді. Оның сөзіне жазылған әнді естігенде, ақынның елге, жерге деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте терең сезінгендей болдық.

Сайлауда дауыс беру – әр азаматтың ел болашағы үшін жасайтын маңызды міндеті. Тұманбай өмір бойы елдің тыныштығын, халықтың бірлігін, туған жердің қадірін жырлады. Осындай бейбіт күннің қадірін білуіміз керек. Бүгін өз таңдауымды жасап, елдің ертеңіне бейжай қарамайтынымды білдірдім. Елдің жарқын болашағына үлес қосу – бәрімізге ортақ парыз. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысып, өз ұстанымын білдіруі маңызды деп санаймын,* – дейді ақынның жары. 

Алматы облысының тумасы, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиев ұзақ жылдар бойы әдебиет саласында еңбек етіп, қазақ поэзиясының дамуына айрықша үлес қосты. Қайталанбас иірімдері оқырман жүрегінде мәңгі сақталды. Оның өлеңдерінен композиторлар шабыт алып, ән жазды. Ел тағдыры шешілетін айтулы күнде де ақынның есімі айрықша аталып, халық оның өнегелі өмірін ықыласпен еске алды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БАҒДАТ СЕЙІТ: «ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІНЕ ӘСЕР ЕТЕДІ»
  • БЕС КӨЛІК, БІР БАҒЫТ: «СОКОЛ» СТК ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ЕРЕКШЕ КЕЛДІ
  • ПЯТЬ АВТОМОБИЛЕЙ, ОДИН МАРШРУТ: ПРЕДСТАВИТЕЛИ СТК «СОКОЛ» НЕОБЫЧНО ПРИЕХАЛИ НА ВЫБОРЫ КУРУЛТАЯ
  • Фермеры Конаева приехали на выборы в Курултай на сельхозтехнике
  • Қонаев фермерлері Құрылтай сайлауына ауыл шаруашылығы техникасымен келді